0-14 жас аралығында – 3 млн ұл бала, 15 пен 62 жас аралығындағы ерлер саны – 5 876 мың, 63 және одан жоғары жаста – 767 мың ер адам бар.
Өңірлер тұрғысында ең көп ерлер саны Түркістан облысында – 1079 мың, ең азы Ұлытау облысында – 108 мың адам.
Жұмыспен қамту мәселесіне келетін болсақ, ерлердің басым бөлігі өнеркәсіпте – 16,8%, көтерме және бөлшек саудада 14%, автокөлік жөндеуде, тағы 14% – ауыл, орман және балық шаруашылығында жұмыс істейді.
Ерлердің өмір сүру ұзақтығы 70,2 жасты құрайды. Орташа жасы – 30,5 жас. Отбасы құрудың орташа жасы - 28 жас.