Парламент • 07 Мамыр, 2023

Айбынды армиямыз – елдігіміз бен егемендігіміздің берік қалқаны - Мәулен Әшімбаев

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан азаматтарын Отан қорғаушылар күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айбынды армиямыз – елдігіміз бен егемендігіміздің берік қалқаны - Мәулен Әшімбаев

«Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – батыр бабаларымыздың ерлік дәстүрін және сап түзеген сарбаздарымыздың жауынгерлік рухын дәріптейтін мереке. Осы күні Отанды сүю, елге қызмет ету, антқа адал болу сияқты қастерлі құндылықтардың да маңызы айшықтала түседі. Мұның бәрі азаматтарымыздың патриоттық сезімін арттырып, өскелең ұрпақтың өжет, қайсар болып қалыптасуына оң әсерін тигізетіні анық.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Бүкілармиялық кеңесте сөйлеген сөзінде Қарулы Күштеріміз мемлекеттілігіміздің мызғымас тірегі екенін атап өтті. Шын мәнінде, біздің айбынды армиямыз – елдігіміз бен егемендігіміздің берік қалқаны. Сондықтан біз Отан қорғау дейтін мәртебелі міндетті абыроймен атқарып келе жатқан әскерімізді әрдайым мақтан тұтамыз.

Мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа шаттық, қуаныш, береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қарулы Күштеріміздің әлеуеті артып, қорғанысымыз күшейе берсін!», деп жазылған Сенат төрағасының құттықтау тілегінде.