03 Маусым, 2010

ІРГЕЛІ ІЗДЕНІС ІЗДЕРІ

615 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Белгілі ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР ҰҒА академигі Рымғали Нұрғалидың 70 жылдық мерейтойының қарсаңында “Фолиант” баспасынан “Академик Рымғали Нұрғалидың ғылыми мектебі” атты кітап жарық көрді (Құрастырған – профессор М.Шыңдалиева). Кітаптың алғысөзі ретінде ғалымның ғылыми-шығармашылық өмірбаянын дайындаған академик Ж.Әбділдин. Бірнеше бөліктен тұратын кітапта Рымғали Нұрғалидың кеңесшілігімен қорғалған кандидаттық, докторлық диссертациялар (14 ғылым докторы, 36 ғылым кандидаттары), ғалымның шығармашылығы туралы библиографиялық көрсеткіш, ғалымның кеңесшілігімен бекітілген докторанттар туралы мәлімет жүйелі түрде беріледі. Ақын шәкірттерінің арнау өлеңдері мен фотосуреттерде – академик Р. Нұрғалидың өмірі мен кезеңі кең көлемде көрініс тапқан. Серікзат ДҮЙСЕНҒАЗИН, филология ғылымдарының кандидаты, доцент.