
Екінші дүниежүзілік соғыс және еңбек ардагері Иван Гапич 1923 жылы 2 ақпанда Ақмола қаласында дүниеге келген. Польша, Чехословакия, Украинаны азат етуге қатысты. Бүкіл соғысты бастан өткізген майдангер фашистердің гарнизондары мен комендатураларын талқандаған, оқ-дәрі және азық-түлік қоймаларын жойған отрядтың жауынгерлік операцияларына қатысқан.
Ардагер «Қызыл Жұлдыз» және ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, «Прокуратураның құрметті қызметкері» төсбелгісімен, І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен, «Құрмет» орденімен, ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған. Ол сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы. 1945 жылы 24 маусымда Қызыл алаңда өткен Жеңіс парадының қатысушысы.
Жеңісті жақындатқан майдангер сұрапыл соғыстың отты жылдарынан өтті. Кенигсбергті азат етуге атсалысты. Ол Польшаны, Чехословакияны, Украинаны азат етуге қатысты. Майдангер фашистердің гарнизондары мен комендатураларын талқандаған, оқ-дәрі және азық-түлік қоймаларын жойған жасақтың жауынгерлік операцияларына қатысты. Осыдан 78 жыл бұрын Мәскеудегі әскери шеруге қатысып, Жеңісті Берлинде қарсы алды. Соғыстан кейін ол Алматы заң университетін тәмамдап, Қарағандыда прокуратура органында еңбек жолын бастады.
Ғасырдан асқан қария 1966 жылы Батыс Қазақстан облысының прокуроры Смағұловтың шақыруымен осы өңірге келеді. Содан 1987 жылға дейін Орал, кейін Батыс Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары болып істеп, кейін құрметті зейнетке шығады. Прокуратура органында аттай 35 жыл еңбек еткен Иван Гапичке осы жылдарда аса қиын да күрделі істердің ақ-қарасын айыруға тура келді.
Бүгінде жастармен кездесіп, Отан алдындағы борышы туралы айтудан шаршамай келе жатқан ардагер «Ғасыр жасаймын деп еш ойламаған едім» дейді. Айта кетейік, майдангердің жүз жылдық мерейтойы қарсаңында «Иван Гапич. Намыс пен парыздың адамы» атты кітап жарық көрген болатын.