Оқиға 5 мамыр күні таңғы сағат 07:23-те болған. Медеу ауданындағы Жібек жолы даңғылы, 37 мекенжайындағы бес қабатты үй өртенген. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минуттан соң жеткен. Олар келген уақытта 5-қабатта орналасқан ас бөлме мен балкон өртеніп жатқан.
«Бүкіл пәтер бөлмелері улы түтінге толған. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны есікті ашып, пәтерге кірді. Барлау барысында 1955 жылы туған ер адам ес-түссіз күйде табылды. Өрт сөндірушілер ер адамға арнайы түтіннен қорғайтын құтқару қалпақшасын кигізіп, таза ауаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қазіргі уақытта ер адамның денсаулығы бірқалыпты. Қабылданған шаралардың арқасында өрттің үйдің шатырына таралуына жол берілмеді», делінген қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Өрт сағат 07:45-те оқшауланып, 07:49-да сөндірілді.