«Бүгіннен бастап БҚО полиция департаментін 48 жастағы Арман Оразалиев басқарады. Ол осы қызметке тағайындалғанға дейін Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған», делінген хабарламада.
Бұған дейін БҚО полиция департаментін Махсудхан Әбләзімов басқарған. Ол 2016 жылғы маусымдағы терактіден кейін бірден Ақтөбе облысынан ауыстырылған еді. Одан кейін лаңкестердің қолынан жеті адам (оның ішінде үш әскери қызметкер) қаза тапты, 38 азаматқа медициналық көмек көрсетілді. 18 террорист жойылды.
Мой Город басылымның мәліметінше, Махсудхан Әбләзімов ротация принципімен басқа өңірге ауыстырылды.
Арман Оразалиев ішкі істер органдарының генерал-майоры Молдияр Оразалиевтің ұлы. 1975 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. 2020 жылдың ақпан айында Қордай ауданындағы оқиғаларға байланысты Оразалиев Жамбыл облысы ПД басшысы қызметінен босатылды. Бұл қызметке дейін ол алты жыл Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 2010-2011 жылдары Павлодар облысы ПД басқарды. 2009 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың қыркүйегіне дейін Астана қаласы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары болды.