Облыстық аурухананың хабарлауынша, жұмысшылардың бірі опырылған үйіндінің астында қалып, қайтыс болған. Тағы екеуі жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендердің бірінің аяғы сынған, екіншісі дәрігерлерге қаралып жатыр. Екеуінің де жағдайы тұрақты.
Куәгерлердің айтуынша, олар ескі қалқаны ауыстырмақ болған тұрғын үй шаруашылығының қызметкерлері болған.
«Өкінішке қарай, бір адам қайтыс болды, екеуі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Үшеуі де Татьяна ПКСК-ға қызмет еткен «Несібе мол» сервистік компаниясының қызметкерлері. Марқұмның отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз», деді Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ ведомство оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын, оқиға орнында тергеушілер мен төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері жұмыс істеп жатқанын атап өтті.