Бокс • 14 Мамыр, 2023

Асланбек Шымбергенов әлем чемпионы атанды

686 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан әлем чемпионаты финалында 71 келі салмақ дәрежесінде Асланбек Шымбергенов өзбек боксшысы Сайджамшид Жафаровпен жұдырықтасып, чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асланбек Шымбергенов әлем чемпионы атанды

Бұл Қазақстан құрамасының үшінші алтыны.

Есеп - 5:0. Боксшы айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Асланбек Шымбергенов - 2018 жылғы Азия ойындарының және 2022 жылғы Азия чемпионатының жүміс жүлдегері.

Айта кетейік, жартылай финалда Асланбек Шымбергенов Үнді боксшысы Нишант Дивті жеңген еді.