Бокс • 15 Мамыр, 2023

«Ендігі мақсат - олимпиада». Махмұд Сабырхан алдағы жоспарымен бөлісті

487 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін әлем чемпиондары Ташкенттен елге оралды. Боксшылар жанкүйерлерге алғыс білдіріп, алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ендігі мақсат - олимпиада». Махмұд Сабырхан алдағы жоспарымен бөлісті

54 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған Махмұд Сабырхан Ташкенттегі тартыстың өзі үшін тамаша өткенін айтты. 

«Әлем чемпионы атандым. Енді басты мақсат - олимпиада. Олимпиадан да алтын медаль алып келем деген мақсат бар. Алла қаласа, алдағы уақытта олимпиада салмағына өту ойымда бар», деді Махмұд Сабырхан.

Әлем чемпионатынан алған әсерлерімен бөліскен боксшы үнді мен куба өкілдерінің зор тәжірибесін атап өтті.