Сайлау комиссиясы Түркиядағы президент сайлауының екінші кезеңі болатынын растады. Комиссия төрағасының айтуынша, дауыстарды санау толығымен аяқталды. Бірінші кезең қорытындысы бойынша кандидаттардың ешқайсысы 50%-дан артық дауыс жинай алмады. Сол себепті сайлау екінші кезеңге ұласады.
ОСК мәліметінше, елде сайлаушылардың сайлауға қатысуы 88,92% және шетелде 52,69%-ды құраған.
Еске салайық, 14 мамырда Түркияда президент және парламент сайлауы өтті. Президенттікке 20 жыл билікте отырған қазіргі президент Режеп Тайип Ердоған, 6 партия атынан кандидат болған Кемаль Кылычдароглу және коалиция өкілі Синан Оган үміткер.