Қоғам • 16 Мамыр, 2023

«Жақ пен қабырғамды сындырды»: Екі жыл құлдықта болған Ақтөбе тұрғыны оқиғасымен бөлісті

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылдың басынан бері Қазақстанда адам саудасына қатысты 65 қылмыс тіркелген. Мәселен, Ақтөбе қаласының тұрғыны Сергей екі жыл бойы еңбек құлдығында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жақ пен қабырғамды сындырды»: Екі жыл құлдықта болған Ақтөбе тұрғыны оқиғасымен бөлісті

Ер адамдың айтуынша, оны қайыр сұрауға мәжбүрлеген. Ол бірнеше рет қашуға әрекеттенді, бірақ нәтижесіз болған.

«Олар мені ұрып-соғып, жақ пен қабырғамды сындырды. Кейін мені басқаларға сатты. Арба сатып алып, соған отырғызды. Базарға, адам көп жиналатын жерге апаратын. Күніне 30-35 мың табатынмын. Ақшаны өздеріне алып қоятын. Бір күні екі жас қыз маған келіп азық-түлік ұсынды. Мен олардан «жақын жерде оңалту орталығы бар ма?» деп сұрап құлдықта жүргенімді қысқаша түсіндірдім. Келесі күні еріктілер келіп, мені сол жерден ұрлап кетті», деді Сергей.

«Хабар 24» арнасы хабарлағандай, оңалту орталықтарында тек алты ай тұруға рұқсат етіледі. Ал еңбек құлдығынан зардап шеккендердің барлығына орын жете бермейді.

Жыл басынан бері елімізде адам саудасы фактілері бойынша 16 қылмыстық іс қозғалған. Оның ішінде 12 қылмыстық іс жаңа туған нәрестелердің саудасымен байланысты болып отыр. 40 қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Қазақстанда жыл сайын осындай 100-ге жуық қылмыс тіркеледі. Олардың көбісі сотқа дейін жете бермейді.