«Панфилов ауданында жоғалып кеткен 72 жастағы Орынбүбі Мұханова табылды. 13 мамырда үйінен шығып кеткен зейнеткерді іздеу шаралары үш күннен астам уақытқа созылды. Әлсіреген әйел өзінің туған Лесновка ауылынан 15-20 шақырым жерде ескі әскери полигонның маңынан табылды», делінген Polisia.kz хабарламасында.
Полицейлер қарт әйелді іздеу жұмыстарына туыстарынан бөлек еріктілерді, шекарашыларды және жергілікті халықты, барлығы 100-ге жуық адам тартқан. Іздестіру тобының бірі қалың тоғай арасынан әжейдің орамалын тауып, іздеу бағытын анықтаған.
Жалғыз өзі жүрген әйелді жергілікті шопандар байқап, оның ізіне түсіп келе жатқан іздеушілерге хабарлаған. Зейнеткер қатты әлсіреп қалған. Медициналық көмек көрсеткеннен кейін туыстары оны үйіне алып кетті.
Жетісу облысында хабар-ошарсыз кеткен қарт әйел ескі әскери полигон маңынан табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматыда қауіпсіздікке арналған видеосараптаманың жаңа түрлері сыналды
Оқиға • Бүгін, 17:55
ҚазҰУ-да қолданбалы микробиология зертханасы ашылды
Оқиға • Бүгін, 17:45
Астананың велоспорт мектебі «Үздік өңір» атағын жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 17:30
Есірткіге қатысы бар құқық қорғаушыларға ең ауыр жаза қолдану қажет - Ерлан Қошанов
Есірткі • Бүгін, 17:15
Елімізде 2027 жылға дейін 1,3 мың шақырым жаңа теміржол салынады
Инфрақұрылым • Бүгін, 17:05
Ірі құрылыс супермаркеті әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Оқиға • Бүгін, 16:40