Өңірдегі өндірістік мекеме қызметкерлерінің жалақысы жайлы сөз қозғаған Ақтөбе облысының әкімі жалақы жыл сайын инфляция деңгейіне сәйкес индекстелетінін атап өтті.
Осы орайда журналистер әкімнің өзі қанша алатынын сұрады.
«Мен қолыма 1 миллион 900 мың аламын. Бұл ақпарат барлық жерде бар, интернеттен де қарасаңыз болады», деді Ералы Тоғжанов ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында.