Президент • 18 Мамыр, 2023

Президент Қазақстан-Қытай арасындағы ықпалдастықты нығайтатын бағыттарды атады

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қазақстан-Қытай арасындағы ықпалдастықты нығайтатын бағыттарды атады

Мемлекет басшысы қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстелінде экономикалық ықпалдастығымызды тереңдетуге мүмкіндік беретін бағыттарды атады:

  1. Энергетика саласындағы байланысты нығайту.
  2. Өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты жандандыру.
  3. Электронды сауда саласында өзара алыс-берісті арттыру. 
  4. Агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты нығайту. 
  5. Құрлықтағы көлік дәліздерін дамыту. 
  6. Туризм саласын дамыту. 
  7. Қаржы саласындағы серіктестікті нығайту.