1 мамырдағы жағдай бойынша елімізде 2 миллион 297 мың зейнеткер тұрады.
«Жыл басынан бері 1 триллион теңгеден астам зейнетақы төленді, оның 337,4 миллиард теңгесі базалық зейнетақыны төлеуге, 761,5 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыны төлеуге бағытталды», деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әрбір алушыға оның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріле отырып, жеке тағайындалады.