Президент • 18 Мамыр, 2023

Президент Қытайдағы ең ірі инвестициялық конгломераттардың бірімен кездесті

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Sun Seven Stars Investment Group компаниясының басқарма төрағасы У Чжэнді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Президент Қытайдағы ең ірі инвестициялық конгломераттардың бірімен кездесті

Кездесу барысында қаржы, цифрландыру және онлайн-сауда салаларындағы инвестициялық ынтымақтастық, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығымен өзара іс-әрекет мәселелері талқыланды.

Sun Seven Stars Investment Group инвестициялық тобы – Қытайдағы ең ірі жеке медиа және инвестициялық конгломераттардың бірі.