Президент • 19 Мамыр, 2023

Президент: Визасыз режім туризмді дамытады

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қытай сапарында қол қойылған визасыз режім екі елдің туризм саласына оң әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент: Визасыз режім туризмді дамытады

«Мәдениет және білім саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ туризмді дамыту қажет. Жеке адамдардың қарым-қатынасы мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға септігін тигізері сөзсіз. Қазақстан мен Қытай азаматтарының екі ел арасында 30 күнге дейін визасыз жүруіне мүмкіндік беретін үкіметаралық келісімге қол қойылды. Бұл құжат іскерлік байланыс аясын кеңейтіп, туристер легін арттыруға ықпал етеді деп сенемін», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Президент туристік операторлардың тізімін жасауды ұсынды.

«Орталық Азия елдерінің мәдениеті – бай, көрікті жерлері де – көп. Соның бәрі қытайлық туристер үшін қызықты болары анық. Осы орайда мен «Жібек жолы» туристік операторларының тізімін жасауды ұсынамын. Топтық турлар үшін визасыз режим енгізіп, бірыңғай туристік кластер құру қажет. Сол кезде қытай туристері бір сапарда Орталық Азияның бірнеше еліне бара алады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.