Президент • 19 Мамыр, 2023

Қазақстан – Қытайдың Шэньси провинциясында өкілдік ашқан жалғыз ел

600 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан – Қытайдың Шэньси провинциясында өзінің дипломатиялық өкілдігін ашып отырған Орталық Азиядағы жалғыз ел, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан – Қытайдың Шэньси провинциясында өкілдік ашқан жалғыз ел

.Бас консулдықтың ашылу рәсіміне ҚХР Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Сыртқы істер министрі Цинь Ган қатысып, Қытай үкіметінің құттықтауын жеткізді.

Қытайлық дипломаттың айтуынша, Сиань қаласында  Қазақстанның Бас консулдығының ашылуы екі елдің жан-жақты стратегиялық ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілгенін білдіреді.