Қоғам • 19 Мамыр, 2023

Астанада кейбір көшелер уақытша жабылады

396 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында тағы екі көшеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада кейбір көшелер уақытша жабылады

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ғұмар Қараш пен Біржан сал көшелерінде жол төсеміне жөндеу жұмысы жүргізілетінін хабарлады. 

Жұмыс жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүргізілуде.

Ғұмар Қараш көшесі бойында А.Мәмбетов көшесінен Республика даңғылына дейінгі учаскеде жол жөнделіп жатыр.

Астана қаласының әкімдігі хабарлағандай, осыған байланысты 19-21 мамыр аралығында бұл учаскеде қозғалыс ішінара жабылады, ал 22-25 мамыр аралығында көлік құралдары үшін толық жабылады.

Сонымен қатар, Біржан сал көшесі бойында В. Гете көшесінен І. Есенберлин көшесіне дейін жөндеу жұмысы жүргізілуде.

Осы жылдың 19-23 мамыры аралығында жоғарыда аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылады.