Қоғам • 21 Мамыр, 2023

Еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін еліміздің 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Egemen.kz«Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды

Жексенбі күні Өскемен, Риддер, Атырау және Ақтау қалаларында ауаның қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.