20 мамырда сағат 22:30 шамасында полицейлер Жайық өзенін патрульдеу кезінде орталық көпірден белгісіз ер адамның секіріп кеткені жөнінде хабарлама алып, дереу оқиға орнына жеткен.
Кейін қызметкерлер суға секірген ер адамның бағыты бойынша суға секіріп, жүзіп барып қайыққа мінгізіп құтқарған. Көпірден секірген ер адамның 2006 жылы туған жасөспірім екені белгілі болды. Оның бұл әрекетіне қатысты жедел-тергеу тобы тексеру жұмыстарын бастап кетті.