Қоғам • 21 Мамыр, 2023

Маңғыстауда «Маңғыстау» газетінің 50 жылдығы тойланды

419 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстың айнасына айналған басылымның жарты ғасырлық мерейтойына Қазақстан республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Қыдырәлі, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, еліміздің өзге өңірлерінің баспасөз басшылары мен журналистері келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстауда «Маңғыстау» газетінің 50 жылдығы тойланды

50 жылдық шара барысында Ақтауда «Маңғыстау» газетінің фототілшісі Т.Құсайынның шығармашылық кеші өтіп, газет тарихын топтастырған шағын мұражай ашылды. Мұражайдағы ең көне жәдігер – 1931 жылы шығарыла бастаған латын қарпімен шыққан «Колхоз жолы» газетінің 1934 жылғы саны, сондай-ақ «Сталин жолы» газетінің 1942 жылғы нөмірі бар.

Кең ауқымда аталып өтіп жатқан шара «Достық» үйінде салтанатты жиынмен жалғасты.

Жиында аймақ басшысы Н.Ноғаев сөз сөйлеп, басылымның қоғамдағы орны мен міндеті туралы кең баяндап, газет ұжымына сәттілік тіледі. Сондай-ақ сөз алған Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Қыдырәлі Маңғыстау жұртшылығын облыс үні болған «Маңғыстау» газетінің 50 жылдығымен құттықтап, бүгінгі қазақ баспасөзі, алға қойған міндеттер туралы бөлісті.

а

Салтанатты жиында газет тарихы жайлы бейнефильм көрсетіліп, ардагер журналистерге айрықша құрмет көрсетілді. Қаласы жүйрік журналистер мен газет қызметкерлері облыс әкімінің, Ақпарат және қоғамдық даму минстрінің, Сенат және Мәжіліс төрағаларының Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен, сондай-ақ өзге де ұйымдар мен мекемелердің құттықтауларымен  марапатталды.

Соңғы жаңалықтар