Жұмыс Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Ардагерлер көшесінде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабаты төселіп жатыр. Осыған байланысты 21-23 мамыр аралығында Алмалық көшесінен Ардагерлер көшесіне дейінгі учаскеде жол қозғалысы шектеледі.
Сондай-ақ Таскескен көшесінің Обаған көшесінен С.Нұрмағамбетов көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі. Мұнда қозғалыс 22-25 мамыр аралығында жабылады.
Сол сияқты Бекетай көшесінде Тілендиев даңғылынан А. Затаевич көшесіне дейін орташа жөндеу жұмысы басталды.
Жоғарыда аталған учаскелерде көлік құралдарына арналған қозғалыс 22-23 мамыр аралығында толығымен шектеледі.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.