Қаржы • 22 Мамыр, 2023

Доллар бағамы тағы 3 теңгеге арзандады

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллар бағамы тағы арзандады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Доллар бағамы тағы 3 теңгеге арзандады

Күндізгі сауданың нәтижесіне қарағанда, доллардың орташа сараланған бағамы 3,16 теңгеге төмендеп, 445,12 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 20-22 мамырдағы бір долларға арналған ресми бағамы 448,31 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 442,49 теңгеден сатып алынып, 446,77 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 444,03 теңге, сату – 446,74 теңге.