Қоғам • 29 Мамыр, 2023

Ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қандай іс-шаралар тегін?

450 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрлігі I, II және III топтағы ерекше қажеттілігі бар адамдар тегін немесе жеңілдікпен кіре алатын мәдени орындарды атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қандай іс-шаралар тегін?

1.Мемлекеттік концерттік мекемелер өткізетін іс-шараларға

  • - I және II топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар тегін кіре алады.
  • - 18 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдер тегін кіреді.
  • - III топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар 50% жеңілдікпен тамашалай алады.

2.Мемлекеттік театрларда өтетін спектакльдерге

  • - I және II топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар тегін кіре алады. 
  • - 18 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге тегін кіруге болады. 
  • - III топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар 50% жеңілдікті пайдалана алады.

3.Мемлекеттік мәдени-ойын-сауық мекемелерінің іс-шараларына

  • - I және II топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар тегін кіре алады.
  • - 18 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдер тегін кіреді.
  • - III топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар 50% жеңілдікпен тамашалай алады.
 4. Мемлекеттік цирктердің іс-шараларына
  • - I және II топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар тегін кіре алады. 
  • - 18 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдер тегін кіреді.
  • - III топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар 50% жеңілдікті пайдалана алады.

 5.Мемлекеттік кітапханалар ұсынатын қызмет түрлерін

  • - I және II топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар тегін пайдалана алады.
  • - 18 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдер тегін пайдаланады. 
  • - III топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар 50% жеңілдікпен тамашалай алады. 

6.Мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар ұсынатын қызметті

  • - I және II топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар тегін қолдана алады.
  • - 18 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдер тегін пайдалана алады. 
  • - III топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар 50% жеңілдікті пайдаланады.