«Біз жетекші университеттерді елімізде филиалдарын ашу үшін шақырып отырмыз. Мен Ресейдің техникалық университеттерін ынтымақтаса жұмыс істеуге шақырдым. Алматыдағы ҚазҰУ-да физика-техника және Атырауда мұнай-газ салалары бойынша Ресей университеттерінің бөлімшелері ашылды. Жақында Сиань қаласында болдым. Ол жерде де Қытайдың техникалық бағыттағы жоғары оқу орындары өз филиалдарын елімізде ашуына мүдделі екенімізді айттым. Мұның бәрі бізге пайдалы. Өйткені білім халықаралық ынтымақтастыққа жол ашады. Білімде шекара болмайды. Қарыштап дамып кеткен елдер бар. Артта қалып қойған, бірақ озық мемлекеттерді қуып жетуге талпынатын елдер де бар. Сондықтан бұл саланың перспективасы зор. Қазақстан білім саласын дамыту үшін алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосылады деп ойлаймын. Мен сіздерге үлкен үміт артамын», деді Президент.
Мемлекет басшысы отандық ғылымға халықаралық озық тәжірибені енгізу мәселесін айта келе, елімізде шетелдік оқу орындарының филиалдарын ашу қажет екеніне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаңтар айында ел азаматтары қалай демалады
Қоғам • Бүгін, 12:20
Ақтөбе облысында 156 кенші жалақысын ала алмай жүрген
Оқиға • Бүгін, 12:00
Биыл 2172 бала ел ішінде тегін саяхаттады
Туризм • Бүгін, 11:50
Жыл қорытындысы: Қарулы Күштер ұшқышсыз ұшу аппараттарын өрістетті
Әскер • Бүгін, 11:40
Бокстан Қазақстан чемпиондарының есімдері белгілі болды
Бокс • Бүгін, 11:30
Ауқымды су тасқындары қалай еңсерілді?
Үкімет • Бүгін, 11:24