Қоғам • 30 Мамыр, 2023

Автокөліктерге арналған VIP нөмірлерді онлайн сатып алуға болады

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі тұрғындарға ыңғайлы болу үшін VIP нөмірлерді арнайы әзірленген сервис арқылы таңдап, сатып алуға мүмкіндік туғанын мәлімдеді, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Автокөліктерге арналған VIP нөмірлерді онлайн сатып алуға болады

Сервис Цифрлық даму министрлігінің «Smart Bridge» сервистер витринасына жүктелген. Сервис мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған барлық интеграциялық платформаларда, оның ішінде екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында қолдануға ыңғайлы. 

Сонымен қатар азаматтарға ыңғайлы болу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган осы қызметті еGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеттерге шығару мәселесін қарастырып жатыр.

Бұл жыл сайын 20 мыңнан астам азаматқа мобильді қосымшалар арқылы, ХҚКО-ға бармай-ақ, автокөліктерді тіркеу кезінде онлайн-режимде VIP нөмірлерді таңдауға және брондауға мүмкіндік береді.

ҚР ІІМ келтірген дерек бойынша, өткен жылы автокөлік иелері шамамен 6 млрд теңгеге VIP-нөмірлер сатып алған.