Тағайындау • 30 Мамыр, 2023

Индустриялық даму комитетінің төрағасы тағайындалды

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Азамат Серікұлы Панбаев Индустриялық даму комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Индустриялық даму комитетінің төрағасы тағайындалды

Азамат Панбаев 1987 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитетінің кеңсе қызметкері болып бастады.

2009-2016 жылдары Инвестициялар және даму министрлігі құрылымында жұмыс істеді.

2016-2019 жылдар аралығында Президент Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің консультанты болды.

2019-2022 жылдары Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры қызметін атқарды.

2022 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.