Ауа райы • 30 Мамыр, 2023

Көктемнің соңғы күнінде ауа райы қандай болады?

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» синоптиктері 31 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көктемнің соңғы күнінде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК ақпаратына сәйкес, атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Синоптиктердің болжамы бойынша республиканың солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.

Ел бойынша желдің күшеюі, батыста, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте тұман болады деп болжанып отыр.

Атырау, Ақтөбе, Маңғыстаудың оңтүстігінде, Қостанай облысының солтүстігінде, батысында аптап ыстық күтіледі.

Мамандар Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталатынын ескертті.

«Қызылорда облысының басым бөлігінде, шығысында, Павлодар қаласының орталығында, Атырау, Қарағанды шығысында, Ұлытаудың орталығында, Абай облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады», делінген синоптиктердің хабарламасында.

Астанада ауыспалы бұлт, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай болжанады. Түнде ауа температурасы +14+16°С, күндіз +31+33°С.

Алматыда күн бұлтты болса да, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 2-7 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +25+27°С.

Шымкентте де жауын-шашын болмайды. Шығыстан соғатын желдің екпіні - 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Түнде ауа температурасы + 17 + 19°С, күндіз + 32 + 34°С.