«Қондырғының басты артықшылығы — қарама-қарсы бағытта келе жатқан көліктердің шамдары жүргізушілерге кедергі келтірмейді. Бұл әсіресе түнгі уақытта қауіпсіз әрі ыңғайлы. Қондырғы көпжолақты жолдарға ғана орнатылады. Алдағы уақытта дәл осындай арнайы жарықты шағылыстыратын экрандар көлік қарқыны жоғары «Алматы-Қорғас» және Р-7 «Бурабай аумағы» күре жолдарында пайда болады», деп атап өтті «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ ресми өкілі Ләззат Стамғазиева.