Экономика • 31 Мамыр, 2023

Түрік лирасы рекордтық деңгейге дейін құнсызданды

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түрік лирасы рекордтық деңгейге дейін құлдырады. Қазір 1 доллар 20 лирадан сатылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түрік лирасы рекордтық деңгейге дейін құнсызданды

Отандық телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, экономистер лираның құнсыздануын Орталық банктің ақша-несие саясатымен байланыстырып отыр. Қазір елде инфляция жоғары болғанымен, пайыздық мөлшерлеме төмен күйінде қалып отыр.

Президент Режеп Тайип Ердоған ставкаларды көтермей, инфляцияны төмендетуге болады деп есептейді.

Ал «Bloomberg» агенттігінің хабарлауынша, Түркияның ақша-несие саясаты өзгермесе, жыл соңына қарай лира бағамы 29 пайызға дейін арзандауы мүмкін.