Спорт • 31 Мамыр, 2023

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте үздік үштікке енді

519 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ролан Гаррос» жарысын сәтті бастаған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингісінде жоғарылады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте үздік үштікке енді

Рейтингтің live-нұсқасында Рыбакина төртінші орыннан үшінші орынға көтерілді. Сонымен қатар ранг кестесінде көшбасшы өзгерді. Бірінші орынға Беларусь өкілі Арина Соболенко шығып, польшалық Ига Швентекті екінші қатарға ығыстырды.

Мұндай өзгерістер ойыншылардың былтырғы «Ролан Гаррос» жарысының рейтинг ұпайларымен есептелген. Дегенмен WTA рейтингісінің қорытынды нұсқасы Франция ашық чемпионаты аяқталғаннан кейін жарияланады. Сондай-ақ теннисшілердің қорытынды орны олардың турнирде көрсеткен өнеріне де байланысты болмақ.

Елена Рыбакина «Ролан Гарростағы» алғашқы матчында 16 жастағы Чехия өкілі Бренда Фрухвиртованы 6:4, 6:2 есебімен жеңгенін еске сала кетейік. Қазақстанның бірінші ракеткасы екінші айналымда чех спортшысы Линда Носковамен бақ сынасады.