World Scholar’s Cup академиялық олимпиадасы болашақ ғалымдар мен көшбасшылардың жаһандық қауымдастығы болып саналады. Бүгінге дейін өзекті мәселелер мен идеяларды талқылау үшін әлемнің әр түкпірінен оқушылардың басын біріктіріп, олардың жаңа қырларын ашуға, алған білімін іс жүзінде қолдана білуге және өздерінің көшбасшылық қасиетін шыңдауға жол ашып отыр. Мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері А.Серғалиева және А.Қуанышқалиеваның жетекшілігімен аға лигаға аттанған зияткерлер Team Challenge, Debate Champions, Team Bowl, Writing Champions, Challengesubjects, Team Debate, Team Writing, Championscholars санаттары бойынша алтын және күміс медальдерге ие болды. Оның ішінде 9-сынып оқушысы Дана Қожанияз барлық санат бойынша ең жоғары ұпай алып, School Top Scholars номинациясымен марапатталды. Нәтижесінде оқушылардың озық ойлары мен қарым-қабілеті жоғары бағаланып, халықаралық кезеңге жолдама алды.
Қатысушылар командалық дебат, бірлескен шығармашылық жұмыс, командалық сұрақ-жауап және тест бойынша сынға түсті. Шетелдерге шақырту алып шабыттанған шәкірттер алдағы уақытта мектеп беделін әлемдік деңгейде биіктеткісі келеді.
Батыс Қазақстан облысы