Қоғам • 31 Мамыр, 2023

Қос қордың қолдауы

194 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Отандық «ApartX» стартапына «Big Sky Capital» және «Activat-VC» венчурлық қорынан 250 мың доллар инвестиция тартылды. Бұл инвестициялар стартаптың мүм­кіндігін кеңейтіп қана қоймайды, сондай-ақ на­рықтағы орнын нығайтып, жылжымайтын мүлікті жалға беру өндірісіндегі мәселелерді еңсеруге жол ашады.

Қос қордың қолдауы

«Big Sky Capital» және «Activat-VC» болашағы зор технологиялық стартаптар­ды инвестициялауға ма­манданған ауқымды вен­чурлық қор­лар­дың қата­рында. Олар «ApartX»-тің әлеуетін байқап, оның жыл­жымайтын мүлікті жал­ға беру нарығында жаңа тәсілі мен зор транс­фор­ма­циялық күшін мойындады. Сонымен қатар «ApartX»-тің меншік иелері мен жалға алушы­лардың жағ­дайын жақсартып, жеңілдету мін­детін толық қолдайды.

«Біз «ApartX» старта­пының н­егізін қалаушы Қанат Келдібековтің жұмысын көп­тен бері мұқият қада­ға­лап келеміз. Осы уақыт ара­лығында оның бойынан ғана емес, бірегей жо­басының құ­рылымынан да бола­шақта керегі мол дүниелерді көрдік. Біз «ApartX» жобасы мен оның инно­вациялық тәсілінің әлеуетіне, өз миссиясын сәтті жүзеге асы­ра ала­тынына толық сенеміз. «ApartX» жыл­жымайтын мүлікті жал­ға беру саласындағы же­­текші орынға ие болып, жа­ңа стандарттар мен ин­но­­ва­цияларды ұсынуға дайын. Олар ұсынатын «SaaS» ше­шімінің ауқы­мын өзге нарықта қолдануға болады», деді «Big Sky Capital» қо­рының басқарушы серіктесі Әділ Нұрғожин.

«ApartX» стартапына тартылған қаржы келесідей нәтижелерге қол жет­кізу­ге жұм­салады. Бірінші – тех­­­но­логиялық даму. «ApartX» өз плат­формасын одан әрі жетілдіруге күш салады. Инвестициялардың нә­ти­­же­сінде стартап ғы­лы­ми зерттеу және тәжіри­бе­­­лік жұмыстарды кү­шей­тіп, бі­лікті мамандарды тартып, плат­форманың функ­цио­­­­­налдығын жақ­сартады. Екінші – ауқымын арттырып, на­рықты кеңейту. «ApartX» жаңа аймақтарға еніп, на­рықтағы үлесін көбейтуді жос­парлап отыр. «Big Sky Capital» қорының инвестиция­лары стартапқа нарықтағы қатысуын арттырып, осы са­ладағы негізгі ойыншылармен стратегиялық серіктестік орнатуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Малайзия, Индо­незия, Сингапур, Вьет­нам және Тайланд елдерінің нары­ғына шығу жоспарланып отыр.

«Big Sky Capital» ком­паниясының қомақты инвес­тициясының қол­дауы­мен жыл­жымайтын мүлікті жал­ға алудың қарапайым әрі қауіпсіз үдерісі арқылы адам­дар өмірін жақсартуды жалғастырамыз. Осы ретте Әділ Нұр­ғо­жин мен Жан Қарсыбаев секіл­ді серік­тестеріме ризашы­лы­ғымды білдіремін. Қор мен оның құрылтайшылары ин­нова­циялық жобаларды қол­дап, олардың табысқа жетуіне кө­мектесуде бай тәжіри­беге ие. Бұл ин­вести­ция біздің әлеуетімізді күшейтіп, өнімді жақсарту мен командамызды нығайтуға жәрдемдеседі. «Big Sky Capital»-мен бірлесе атқаратын жұмы­сымыз жаңа биіктерді бағындыруға және жалға берілетін жылжымайтын мүлік ландшафын өзгертуге жол ашады», дей­ді «ApartX» стартапының негізін қалаушы Қанат Кел­дібеков.

«ApartX» – жалға бері­летін мүлікті қашықтан бас­қаруға арналған платформа және мо­бильді қосымша. Ин­но­ва­циялық стартап мен­шік иелері мен жалға алушылар үшін «SaaS» ше­шімін ұсынады. «ApartX» жалға алу­шылар мен меншік иелерін байла­ныстырып, жылжымайтын мүлік­ті жалға алудың инно­ва­циялық шеші­мін көрсетеді. Оның мүлікті жалға беру­дегі бірегей тәсілі қазірдің өзінде көп­шіліктің назарын аударып, пайдалану­шылардың оң бағасына ие болды.