19 Шілде, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 783

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2014 жылғы 8 шілде,Астана, Үкімет Үйі «Оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 248 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 248 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 783 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 248 қаулысымен бекітілген Оралмандарды қоныстандыруға арналған өңірлер 1.Ақмола облысы 8. Қарағанды облысы 2. Ақтөбе облысы 9. Қостанай облысы 3. Алматы облысы 10. Қызылорда облысы 4. Атырау облысы 11. Маңғыстау облысы 5. Шығыс Қазақстан облысы 12. Павлодар облысы 6. Жамбыл облысы 13. Солтүстік Қазақстан облысы 7. Батыс Қазақстан облысы 14. Оңтүстік Қазақстан облысы