Спорт • 02 Маусым, 2023

Хайме Мунгия Головкинді жекпе-жекке шақырды

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірінші орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы Хайме Мунгия Головкинді қайтадан жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хайме Мунгия Головкинді жекпе-жекке шақырды

Хайме Мунгия 2018 жылы да Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін айтқан. Дегенмен комиссия оның Головкинмен жекпе-жек өткізуге дайын еместігін айтып, рұқсат бермеген болатын.

«Біз үнемі Головкин мен Чарло сияқты мықтыларды көздеп келеміз. Олармен жекпе-жектер біздің бақылауымыздан тыс жағдайларға қатысты өтпей қалды. Чарло рингке екі жыл шықпады, бірақ әлі чемпион. Алдағы жоспары қандай екенін білмеймін, алайда онымен айқасуға дайынмын. Головкинге қатысты, біз онымен жекпе-жек бойынша хабарластық, дегенмен сол күйі жауап болмады. Қазір ол демалыс рахатын көріп жатқан сияқты», дейді Мунгия.