Президент • 02 Маусым, 2023

Президент көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытудың маңызына тоқталды

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қазақстан үшін логистика саласының маңызын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытудың маңызына тоқталды

«Орталық Азия «Қытай – Еуропа» бағыты бойынша құрлықтағы транзиттік тасымалдардың 80 пайыздан астамы үшін өзіндік көпір саналады. Бұл ретте қазіргі кезеңде Транскаспий халықаралық көлік бағыты стратегиялық маңызға ие болды. Бұл бағыт өңірлеріміз арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейін едәуір арттыра алады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, жуырда Қытайдың Сиань қаласында логистикалық терминалдың іргетасы қаланды. Мемлекет басшысының пайымдауынша, бұл порт Орталық Азия территориясы арқылы Еуропаға тікелей контейнерлік пойыздарды жіберу үшін маңызды хаб болмақ.

«Сондай-ақ біз Транскаспий бағытын Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен ұштастыруға уағдаластық. Былтыр осы күре жол арқылы шамамен 1,7 миллион тонна жүк тасымалданғанын атап өткім келеді. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен екі есе көп», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.