Саясат • 03 Маусым, 2023

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысы өтті

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​​Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің ұйымдастыруымен «Әлеуметтік саладағы мемлекеттік сатып алу мәселелері және оларды шешу жолдары туралы» атты кеңейтілген тақырыптық отырыс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысы өтті

Комитет төрағасы Асхат Аймағамбетовтің жетекшілігімен өткен жиынға депутаттармен қатар Үкіметтің, республикалық және жергілікті мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Олар елдегі мемлекеттік сатып алу жүйесінің мәселелерін талқылап, ұсыныстарын ортаға салды.         

Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейілдің мәліметінше, Дүниежүзілік банктің зерттеулеріне сәйкес, Қазақстанның электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесі әлемде үздіктер қатарында. Бүгінде мемлекеттік сатып алу веб-порталына 100 мыңнан астам өнім беруші мен 24 мыңнан астам тапсырыс беруші тіркелген. 

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердегі күзет қызметін мемлекеттік тапсырысқа беруді алып тастауды, ал Елнұр Бейсенбаев мемлекеттік сатып алу бойынша азаматтарға білім беруді жүйелеуді ұсынды.

«Мемлекеттік сатып алу – күрделі сала, мәселе көп. Сондықтан шешімдерді байқап қабылдауымыз керек. Депутаттар тиісті нормаларды дайындап, Үкімет қорытындысына жібердік. Олар бойынша оң нәтиже аламыз деп үміттенемін. Өйткені бұл – елге керек шешім», деп түйіндеді А.Аймағамбетов.