Елена Рыбакина Францияда өтіп жатқан жарысты сәтті бастаған болатын.
Теннисші алғашқы екі ойында чехия спортшылары Бренда Фрухвиртова мен Линда Носкованы ұтты.
Ал бүгін Қазақстанның бірінші ракеткасы үшінші айналымда WTA рейтингінде 132-орында тұрған Испания теннисшісі Сарой Соррибес-Тормомен ойын өткізуі керек болған. Алайда Елена Рыбакина денсаулығына байланысты жарысты тоқтататынын мәлімдеді.