Тергеу барысында анықталғандай, күдікке ілінген мекеме қызметкерлері өз жұмысын нақты жүзеге асырмаған алты адамға жалақы есептеу арқылы 16 млн теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз аударған.
Ведомство мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жарияланбайды.
«ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі», деп қосты агенттік.