Экология • 06 Маусым, 2023

Қоршаған ортаның қадірін біл

311 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Экологиялық мәселелер елді екіұдай көңіл күйге түсіретіні белгілі. Бұл ретте табиғаты көркем Жетісу өңірінің де жайы басты назарда. Неге десеңіз, туризмнің тұтқасына айналған өңірді мұндай түйткілдің төңіректеп жүретіні даусыз. Дегенмен мамандар облыстағы экологиялық жағдай басқа өңірлермен салыстырғанда қолайлы екенін айтып жүр.

Қоршаған ортаның қадірін біл

Жүргізілген экологиялық мониторинг нәтижесі бойынша экологиялық ахуалы нашар деп саналатын Талдықор­ған және Текелі қалаларының атмос­фералық ауасының лас­тану деңгейі төмен екені анық­талған. Демек, аймақта­ғы эко­логиялық ахуал қалыпты. Десе де, бұл мәселе әрқашан жіті қа­да­ғалауда болғаны абзал.

Жалпы, Қазақстан Респуб­ликасының Су кодексіне сәй­кес жерүсті суларының ласта­нуын, бітелуін болдырмау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау мақсатында облыс аумағында жыл сайын су қорғау аймақтары мен белдеу­лерін белгілеу бойынша жұмыс жүргізіледі. 2006-2022 жылдар аралығында облыстың ірі өзені мен көлі, су қоймасында су қорғау аймағы мен белдеуі орнатылған. Биыл жоба бо­йынша «Жұмақ көлдері», Мель­ничная, Голубиновка, Ты­ны­бас, Қоғалы, Сарыбұлақ өзен­дерінің су қорғау аймағы мен бел­деуін орнату жоспарлануда. Оған 30,0 млн теңге қаржы қарастырылған.

Қоршаған ортаны бүлдіріп, экологиялық ахуалды қиында­татын кәсіпорындардан шы­ға­рылатын ластаушы заттар қал­дықтары екені де бел­гілі. Былтыр оның нақты кө­лемі ша­мамен 18,6 мың тонна­ны құрады. Бүгінгі таңда ком­му­налдық қалдықтармен жұмыс істеудің тиімсіз әдістері және ескірген кәріз тазарту жүйелері де негізгі экологиялық мәселеге айналды. Осыған орай облыс жұртшылығы, жергілікті ат­қарушы орган, Экология және табиғи ресурстар министрлігі бірлесіп Жетісу облысының экология мәселесін кешенді шешудің жол картасы әзірленді.

Табысты жұмыстар атқа­рылып, тұрғындарға қоршаған ортаны қорғауға қатысты шаралар түсіндіріліп жатса да оны ескермейтіндер жетерлік. Өткен жылы экология департаменті ­34 лауазымды тұлғаны әкімші­лік жауапкершілікке тартқан. Ол қатарда Талдықорған және Текелі қалалары, Сарқан, Қара­тал, Кербұлақ және Панфилов аудандарының лауазымды қыз­меткерлері бар. Оларға жалпы сомасы 1 млн теңгеден астам айыппұл салыныпты. Әрине, мәселенің бәрін айыппұлмен шешуге келмейді. Ең бастысы, адамдардың қоршаған ортаны қорғауға бағытталған түсінігін тереңдету керек.

Аймақта қатты тұрмыс­тық қалдық төгілетін полигон­дар­дың жұмысын реттеп отыру­дың да маңызы жоғары. Алай­да Талдықорған, Ескелді және Кербұлақ аудандарында ­3 по­ли­­гон рұқсат құжаттарын­сыз жұ­мыс істеп келеді. Ақсу, Сар­қан аудандары мен Текелі қа­ла­сында қатты тұрмыстық қал­дықтарды төгетін арнайы поли­гон жоқ. Жерді қашықтық­тан зондтау (Геопортал) жүйесі­нің дерегі бойынша заңсыз қо­қыс үйінділері анықталып, әр­бір координаттарға жеке фото­тү­сірілім жасалған. Анықтал­ған фактілердің негізінде жергілік­ті әкімдікке заңсыз қоқыс үйін­ділерін арнайы орындарға шы­ғару қажеттігі туралы тапсырма берілген.

Кейінгі жылдары Жеті­су облысында жылыту қазан­дық­тарын газға ауыстыру жұмы­сы қарқынды жүргізіліп жатыр. Өт­кен жылы Талдықорған қала­сы, Көксу және Ескелді аудан­да­рының 6 қазандығы газ­ға ауыс­тырылды. Ескелді ауда­ны­­ның кәріз желілерін жаң­ғыр­ту жұмысы жүргізілді, Тал­­дықорған қаласының LED-экрандарында Қазгидромет­тен берген атмосфералық ауа­ның ­сапасы туралы ақпарат көр­се­тіліп, тұрғындарға түсіндіру жұмысы жиі жүргізілетінін де айта кеткен жөн.

Өткенде Қазақстан Респуб­лика­сының Премьер-министрі Әли­хан Смайыловтың төраға­лығымен өткен Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің жа­нын­дағы «Жасыл экономика­ға» көшу жөніндегі кеңес оты­ры­сының хаттамасына сай рұқ­­сат етілмеген барлық полигон­дар­ды жоюды қамтамасыз ету қа­жеттігі туралы тапсырмасы түс­кенін білеміз. Осыған орай «Же­тісу облысының елді ме­кен­дерін көктемгі-күзгі сани­тар­лық тазарту, абаттан­дыру жә­не көгалдандыру айлы­ғын өт­кі­зу туралы» облыс әкім­дігі­нің №46 қаулысы қабыл­да­нып, оның орындалуын қада­ға­лау мақ­сатында құзырлы орган­дар­дың қатысуымен жұмыс тобы құрылды. Олар елді ме­кен­­дерді аралап, қордаланған мә­се­­лелерді зерттеп-зерделей бас­тады.

 

Жетісу облысы