Жөндеу жұмыстары жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүргізіліп жатыр.
«Айтматов көшесі мен Қорғалжын тас жолының қиылысында оң жақ съездің жол төсеміне орташа жөндеу жүргізілуде. Осыған байланысты 7 маусымда Айтматов көшесінен Ильинка елді мекені бағытындағы оң жақ съезі толығымен жабылды», делінген хабарламада.
Айта кетсек, Астана-Қарағанды тас жолы мен Қобда тұйық көшесінің қиылысында да жол төсемін жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Бұл орындағы қозғалыс 7-9 маусым аралығында ішінара жабық болады.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс жағдайларын болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет», деп қосты әкімдік өкілдері.