Қоғам • 07 Маусым, 2023

Қаламгерге – әкім стипендиясы

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Жазушылар одағының жергілікті мүшелеріне бір реттік стипендия берді.

Қаламгерге –  әкім стипендиясы

Батыс Қазақстан облысында Қазақстан Жазушылар одағының 23 мүшесі бар. Өңір басшысы жа­қында осы қаламгерлермен кез­десіп, бұдан былай дәстүрге айналатын облыс әкімінің бір реттік стипендиясын табыс етті.

Қазақстан Жазушылар одағы Батыс Қазақстан облыстық филиа­лының жетекшісі, одақтың батыс облыстар бойынша хатшысы Бауыржан Халиолла облыс әкіміне жергілікті қаламгерлерді жақын таныстырып, әдебиет саласындағы кейбір келелі мәселелерді айтып өтті. Жақында ғана Алматы қала­сында өткен Қазақстан жазу­шыларының кезекті XVI құрыл­тайына оралдық ақын-жазушы­лардың ұйымшылдықпен барып-қайтуына қолдау білдіргені үшін өңір басшысына алғыс айтты.

Кездесуде Ақжайық қаламгер­лерінің ақсақалы, 83 жастағы ақын Айтқали Нәріков сөз алып, Нариман Төреғалиұлына өзінің жаңа кітабын сыйға тартты. Бұдан кейін ақындар Дариға Мұштанова, Ғайсағали Сейтақ, т.б. сөз алып, әдеби кітаптардың таралымы, жаңа шығармашылық жобалар туралы айтып өтті. Қаламгерлер Ақжайық өңіріндегі ақын-жазушылардың алдағы уақытта оқырманды қуат­ты шы­ғармаларымен қуанта бере­тінін жеткізді.

Жиын барысында Бауыржан Халиолла соңғы кездері сырқат­танып, әдеби ортадан сырт қалып жүрген қайраткер ақын Айсұлу Қа­­дыр­баеваға дәл осындай бір жол­ғы стипендия табысталатынын айтты.

 

Батыс Қазақстан облысы