Экология • 08 Маусым, 2023

2050 жылға қарай Сырдария мен Әмудариядағы су деңгейі 15 пайызға түсуі мүмкін

1253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында «жасыл» экономиканы қолға алудың жолдарын атады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2050 жылға қарай Сырдария мен Әмудариядағы су деңгейі 15 пайызға түсуі мүмкін

«Аймақтағы екі үлкен өзен Сырдария мен Әмудариядағы су деңгейі 2050 жылға қарай 15 пайызға түседі. Біз аймақтағы экологиялық апаттың алдын алу үшін Халықаралық Аралды қорғау қорын қолдауға көбірек қаржы бөлуге шақырамыз.

Су мен климаттың өзгеру мәселесі өзара тығыз байланысты. Орталық Азия – су қауіпсіздігін сақтау тығыз әріптестік және бірлескен тиімді шараларды жүзеге асыру арқылы ғана шешілетін аймақ.

Аймақтағы климат және өзге де мәселелерді талқылау үшін мен Алматыда Орталық Азия елдерінің жобалық кеңсесін құруды және БҰҰ секілді халықаралық ұйымдарды тарта отырып, 2026 жылы Қазақстанда Аймақтық климаттық саммит өткізуді ұсынамын», деді Президент. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы «жасыл» экономиканың мол мүмкіндіктерін ұсынып, оны қайтадан қалпына келтіріп, энергетиканың орталығы атана алатындығын айтып, уақыттың тапшы екенін ескерді.  Сөз соңында Президент «жасыл» экономикаға көшу үшін  ресурстар мен серіктестік байланыс қажет екенін қадап айтты. 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50