Қоғам • 09 Маусым, 2023

Сұранысқа ие мамандықтар тізімі жарияланды

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаменті сұранысқа ие бағыттардың тізімін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сұранысқа ие мамандықтар тізімі жарияланды

Қазіргі уақытта еңбек нарығында келесі бағыттар сұранысқа ие:

  • ақпараттық технологиялар;
  • құрылыс және коммуналдық шаруашылық;
  • геология;
  • тау-кен өнеркәсібі;
  • энергетика;
  • металлургия және машина жасау;
  • көлік;
  • байланыс;
  • педагогика;
  • медицина және т.б.

Министрліктің мәліметінше, еліміздің колледждерінде барлығы 517 мың студент оқиды, оның ішінде 312 мыңы тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған. Биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы 50 мың орынға артады. Сонымен қатар жаңа оқу жылынан бастап колледж студенттерінің стипендиясы 50% - ға көбейеді. Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын студенттер әлеуметтік қолдаумен қамтылады. Ол стипендия, тамақ және жолақысы.