Президент • 11 Маусым, 2023

Абай облысында Президенттің төрағалығымен шұғыл әрекет ету штабының отырысы өтіп жатыр

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өрт аймағында шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Абай облысында Президенттің төрағалығымен шұғыл әрекет ету штабының отырысы өтіп жатыр

Шұғыл жиын бір минуттық үнсіздікпен басталды.

«Елімізде тағы да алапат өрт болып жатыр. Өкінішке қарай, тілсіз жаумен күрес кезінде азаматтарымыз қайтыс болды. 14 адам қызметтік міндетін атқарып жүріп ерлікпен қаза тапты. Мен жаңа ғана бұл адамдардың туысқандарымен кездестім. Өте ауыр әңгіме болды. Жұрт жылап отыр. Үкіметке наразылығын айтып жатыр. Марқұмдардың отбасыларына және жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Қайтыс болған азаматтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алайық», деді Мемлекет басшысы.