Төтенше жағдай • 12 Маусым, 2023

Қырғызстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты

1950 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстан Республикасының президенті Садыр Жапаров орман өртінен қаза тапқандарға байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғызстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты

11 маусым күні Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, бүкіл қырғыз халқының атынан және жеке өзімнің атымнан Қазақстанның шығысында болған орман өрті салдарынан қаза тапқан қызметкерлердің жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Қаза тапқан қазақстандықтардың туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен қолдау білдіріп, зардап шеккендердің барлығына тезірек сауығып кетуін тілейміз», делінген жеделхатта.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Тиісті жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев бір күн бұрын, 11 маусымда қол қойды.

«Абай ауданындағы орман өрті салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты 2023 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні жариялансын», делінген құжат мәтінінде.