Қазақстан • 12 Маусым, 2023

Өзбекстан президенті Қазақстан халқына көңіл айтты

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өзбекстан президенті Қазақстан халқына көңіл айтты

Өзбекстан тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті.

«Өзбекстан Президенті Абай облысындағы өрт салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Мемлекет басшысына және Қазақстан халқына көңіл айтты. Шавкат Мирзиёев қаза тапқан азаматтардың отбасының қайғысына ортақ екенін жеткізді», делінген хабарламада.

Сондай-ақ әңгіме барысында тараптар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін тағы да растап, әлемдегі қазіргі жағдай туралы пікір алмасты.