Гуманитарлық көмекті жинауға тек мемлекеттік органдар мен партия ұйымдары ғана емес, кәсіпорындар, жеке тұлғалар, коммерциялық емес ұйымдар, мәслихат депутаттары, Достық үйі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері де атсалысып, жерлестеріне азық-түлік, дәрі-дәрмек және бірінші қажеттілік заттарын жөнелтіп жатыр.
Жиналған заттар арнайы көліктерге тиеліп, өртпен белсенді күрес жүргізіліп жатқан аумақтарға, атап айтқанда Бородулиха-Жерновка мен Озерки-Талицаға жеткізілді.
Тек соңғы тәулікте 1,5 тонна ауыз су, 400 келі қой еті, құс еті, 600 келі көкөніс (картоп, пияз, сәбіз), 100 литрден астам май жеткізілді. Шаруа қожалықтарының басшылары азық-түлік жеткізу үшін екі көлік бөлді.
«Осындай қиын сәтте бәріміз жұдырықтай жұмылуымыз керек! Біздің Отанымыз бір! Бұл апатты да бірге еңсеруіміз керек», деді еріктілердің бірі Евгения Павел.