Аймақтар • 12 Маусым, 2023

Қызылордада жазық дала өртеніп жатыр

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада бес гектар аумақ өртке оранды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қызылордада жазық дала өртеніп жатыр

Өрт 12 маусым күні сағат 14:50 шамасында басталған.

«Қызыл жалын Наурыз ауданы Шіркейлі каналының жағасында шарпығаны белгілі болды. Өрт шамамен бес гектар құрғақ аумақты алып жатыр. Өрт орнына 21 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды. Оқиға орнында жедел штаб құрылды», делінген ведомство хабарламасында.